Рухани шаһар — Түркістанға келуші туристердің қатары артты. Жыл басынан бері, 8 айдың ішінде облыс орталығына 900 мыңға жуық турист келген. Оның 32 мыңы – алыс-жақын шетелден келген саяхатшылар, деп хабарлайды otyrar.kz.
Осылайша келім-кетім туристердің есебінен облыс қазынасына 3 млрд 73 млн теңге қаржы түскен. Бұл өңірлік өнім көлемінің 6 пайызын құрайды. Ал 2025 жылға дейін туристерден тікелей түсетін табысты 12-14 пайызға жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік-мәдени нысандар пайда болып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Туризм саласын жүйелеп, мұндағы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін "Яссави", "Мәңгілік қазақ елі", "Қолөнер шеберлері", "Тарихи-мәдени туристік" орталықтары мен "Rixsos" қонақүй кешені сияқты ірі жобалар жүзеге асырылады. Облыс орталығынан жаңа әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал салынып, елдің игілігіне берілмек.