Түркістанға ұшатын рейстердің саны көбейеді – вице-министр

190

Тарихи қаланың туризмін дұрыс дамытуға кедергі болған себептер аталды. 

Түркістанға ұшатын рейстердің саны көбейеді – вице-министр Фото: gov.kz

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Түркістанға келетін әуе рейстерінің саны артатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістанның туризмін дұрыс дамытуға кедергі болған себептердің бірі –халықаралық және ішкі әуе рейстерінің жетіспеушілігі. Соған қарамастан 2024 жылдың қорытындысын аласақ, 2023 жылмен салыстырғанда шетелден келген туристердің саны екі есе көбейді. Қазір еліміздің әуе паркіне 16 жаңа ұшақ қосылайын деп жатыр. Сондықтан Көлік министрлігімен бірлесе жұмыс істеп, Түркістанға келетін рейстердің санын көбейтуге тырысамыз. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш өңірдегі туризмді дамытудың кешенді жоспарлары қабылданып жатыр. Түркістанның ерекше мәртебесін түсіне отырып, үш кешенді жоспармен ғана шектелмей, Түркістан қаласының туризмін дамытудың бөлек кешенді жоспарын дайындап, бекітуді әкімдікпен келістік", - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, салааралық сұрақтар мен іс-шаралар сол жоспарға енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу