Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды

1742

Керуенде көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері бар.  

Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды Фото: Абай облысының әкімдігі

Түркістан облысынан 540 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Абай облысына жол тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жүк көліктеріне тиелген азық-түлік 2-3 тамыз күндері Семей қаласында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне қатысып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарларын нарықтағы құнынан арзан бағада ұсыну, – деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қос облыстың ынтымақтастық келісіміне сәйкес және оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу