Түркістаннан Мәскеу мен Бакуге тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін

179

Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Түркістаннан Мәскеу мен Бакуге тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін Фото: aimaktar.com.kz

Қазіргі таңда Түркістанда үш халықаралық рейс іске қосылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыс орталығы құрылған кезеңде Ташкент пен Түркістан арасында арнайы теміржол жобасы есептелген. Бірақ кейінгі уақытта ол жоба әлі толық басталмады. Биыл сондай-ақ Самарқанд-Түркістан бағытында арнайы әуе рейсі жоспарланған. Бірақ бұл жоба да толық іске аспады. Мәліметтер бойынша билет алатын азаматтарды жарнамалық мазмұнда көбірек қызықтыру керек. Сондай жағдайда Самарқанд, Бұқара, Ташкент, Түркістан аумағында туристік арнайы маршруттар жүйесін қалыптастыруға болады деп санаймыз", – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Облыс әкімінің орынбасары Түркістаннан Кувейт, Аба-Даби, Ыстанбұл бағытында үш халықаралық рейс бар екенін айтты.

"Ендігі кезекте Бакумен және Мәскеумен ашу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Нақты шешімі қабылданғаннан кейін қосымша ұшатын уақыты және бағыттары хабарланады", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу