Түркістанның әкімі Рашид Аюпов көпшіліктен көмек сұрады

2163

Түркістан қаласының екі тұрғыны соттасып, сот үкімімен бірінің үйі бұзылған.

Түркістанның әкімі Рашид Аюпов көпшіліктен көмек сұрады

Түркістан қаласының екі тұрғыны соттасып, сот үкімімен бірінің үйі 26 қыркүйек күні бұзылған. Бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Instagram парақшасында тікелей эфирге шығып мәлімдеді.

Қара күзде баспанасыз қалған отбасы көршісінің "контейнерін" паналап отыр екен. Ал, заттары көшеде қалыпты. Әкімнің айтуынша, Әль-Фараби көшесінде тұрған отбасының кішкентай бүлдіршіні бар көрінеді.

"Бұл азаматтық іс. Мемлекеттің қатысы жоқ. Екі азамат бір-бірімен соттасқан. Көршілеріне үлкен рақмет. Орын тауып беріп жатыр. Әкімшілік тарапынан да көмек көрсетіп жатырмыз. Осыған бәріміз жиналып, бір екенімізді көрсетіп, көмектессек. Әкімшілік те сырт қалмайды, біз де қолдаймыз. Кішкентай ғана баласы бар, обал екен. Көршісі "контейнерін" берді рақмет, біз қаржысын бердік. Көмектесетіндерге қосымша ақпаратты беретін боламыз. Ютубқа салып, бір-бірімізді масқаралағанша, бір-бірімізге жолдайық. Бізде диспетчерлік қызмет бар. 24 сағат қабылдап, бұндай азаматтарға көмектесуге әрқашан дайынбыз", –дейді Рашид Аюпов.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу