Түркістанның даму бағыттары айқындалды

747

Түркістанның даму бағыттары айқындалды

Түркістанға халықаралық әуежай салу қажет. Сондай-ақ Түркістан-Шымкент, Түркістан-Ташкент жүрдек пойызын ашу керек. Бұл туралы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан аймағын дамытуға арналған комиссияның алғашқы отырысында айтты.

Жиында еліміздің бірқатар вице-министрлері Түркістан шаҺарын дамыту үшін қандай мәселелерге мән беру керектігін жан-жақты талқылады.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыс орталығын Түркістанға көшіру үшін арнайы штаб құрылғанын жеткізді. Сонымен қатар үкімет деңгейінде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелердің де бар екен атап өтті.

Мәселен, Түркістан қаласын ауызсу, газ, жылу, электр қуатымен қамту және Түркістан мен Кентау қалаларында көпқабатты тұрғын үйлер салу қажеттігі көтерілді. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытып, туризм индустриясына басымдық беру керектігі айтылды.

Басқосу соңында Асқар Мамин аталған мәселелер бойынша тиісті жоспар жасап, ұсыныс енгізуді сала жетекшілеріне жүктеді.

"Энергетика министрлігіне облыс әкімшілігімен бірге Түркістан қаласын энергиямен қамтамасыз ету бойынша бас жоспарын дайдындауға қатысты және жылу көздерін дамыту бойынша ұсыныстарын енгізуді тапсырамын. Инвестиция және даму министрілгіне облыс әкімшілігімен бірге қаланың көлік инфрақұрылымының дамуына қатысты сұрақтарын қарастырып, ұсыныстарын енгізсін. Инвестициялар және даму министрілгіне, ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімшілігімен бірлесіп, қаланы сумен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырсын", - дейді премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу