Түркістанның Ордабасы ауданында "Жан шуақ" қайырымдылық дүкені ашылды

1597

Ауданда "Жүректен – жүрекке" акциясы бастау алған болатын. Акция барлық ауыл округтерінде өткізіліп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек берілуде.

Түркістанның Ордабасы ауданында "Жан шуақ" қайырымдылық дүкені ашылды

Игілікті насихаттау мақсатында Ордабасы ауданында "Жүректен – жүрекке" акциясы бастау алған болатын. Акция барлық ауыл округтерінде өткізіліп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек берілуде, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында  аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға арналған "Жан шуақ" қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда демеушілер тарапынан әкелінген азық-түлік, киім-кешек тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылуда. 

Бұдан басқа, ауданның кәсіпкерлері мен демеушілер есебінен 281 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Сонымен қатар, жастар ұйымы жетекшілері мен мектеп оқушылары, жалпы 480 жас пен 50 жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруасына қолғабыс жасады. Сондай-ақ, Қарақұм, Бадам, Шұбар, Бөген, Жеңіс, Төрткүл ауылдарында да әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар үшін арнайы дүкен ашылды. 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, ақпан айында 365 балаға және 1 Наурыз  – "Алғыс айту" күніне орай аз қамтамасыз етілген отбасылардың 120 баласына оқу-құралдары, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу