Түркістанның төрт ауданына оқулықтар уақытылы жетпей қалуы мүмкін

912

Астана мен Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында да дәл осындай жағдай орын алуы ықтимал.

Түркістанның төрт ауданына оқулықтар уақытылы жетпей қалуы мүмкін

Астана қаласының, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының және Түркістан облысына қарасты төрт ауданның оқушылары жаңа оқу жылын оқулықсыз бастауы мүмкін, деп хабарлайды abctv.kz.

Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

Министрдің сөзінше, орта білім беру жүйесін жаңартылған мазмұнға көшіру жалғасуда. Былтырдан бері 1, 2, 5 және 7 сынып оқушылары жаңа оқу бағдарламасының оқулықтары бойынша білім алуда. 2018 жылғы оқу жылынан бастап 3, 6, 8 сынып оқушылары жаңартылған мазмұн бойынша оқуға көшеді.

"Оларға арналған оқулықтар дайын. Сараптамадан өтті. Басылып шықты. Оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмысы басталып кетті. Бұған әкімдіктер жауапты. Жалпы облыстар көлік компанияларымен кітаптарды жеткізу бойынша келісімшарттарға отырды. Бұл ретте Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы, Түркістан облысының төрт ауданы осы күнге дейін аталған жұмыстарды бастаған жоқ. Оқудың басталуына қалған 20 күнде оқулықтардың уақытылы жеткізілмей қалу қауіпі туындап отыр. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың осы мәселеге назар аударуын сұраймын", – деді министр.

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, осы жылдың соңына дейін оқушылардың 75%-ы жаңартылған мазмұн бойынша оқиды. Жаңа мазмұнға көшуге байланысты екі жылда шамамен 150 мың мұғалім арнайы курстан өткен. Қазіргі уақытта 73 мың педагог оқып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу