banner

Түркістанның жаңалықтары түркі тілдес елдерге тарайды

1436

Жаңалықтар "TÚRKISTAN MEDIA"  халықаралық орталығы арқылы таратылады.

Түркістанның жаңалықтары түркі тілдес елдерге тарайды

Түркістан қаласында өткен "TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK" атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілері меморандумға қол қойды. Осы құжат негізінде Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, Түркияның "TRT" телекомпаниясының Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев БАҚ саласындағы әріптестік және іскерлік байланыс орнату жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, Қырғызстанның "Кабар" ұлттық ақпарат агенттігінің ІТ департаментінің директоры Калнур Жаныбаевпен, Татарстанның "Татар-информ" ақпарат агенттігі бас директорының орынбасары Рамис Латиповпен және Әзірбайжанның ITV телерадиокомпаниясының Қазақстандағы өкілі Мажиди Фузулимен де меморандум жасалды.

Осы меморандум арқылы еліміз бен Түркістан облысы туралы жаңалықтар түркі тілдес елдерге түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз және орыс тілдерінде жаңадан ашылған "TÚRKISTAN MEDIA"  халықаралық орталығы арқылы таратылады. Бұл жұмыстарды жүргізуге Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да оқитын түркі тілдес елдердің студенттері ерікті түрде атсалысады. Түркістанның қызықты тарихы мен туристік орындары насихатталады. Сонымен қатар, түркі мәдениеті мен руханиятын, бауырлас халықтардың бірлігін нығайту бағытында да ақпараттық қолдау көрсетілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу