Түркітілдес елдер арасында жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған чемпионат өтеді

189

Іс-шара Ақтауда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Түркітілдес елдер арасында жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған чемпионат өтеді Фото: 24kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл Түркітілдес елдер арасында жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы чемпионат өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл Түркітілдес елдердің арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған алғашқы Turkісkills чемпионатын өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шараның түпкі мақсаты – әртүрлі саладағы үздік тәжірибелерді анықтап, экономикасы тығыз байланысты мемлекеттермен инновациялық шешімдермен алмасып, оларды өндіріске енгізуге жол ашатын алаң құру.  Turkісkills чемпионатына Түрксой ұйымының мүшелері қатысады деп жоспарланып отыр", – деді Ғани Бейсембаев.

Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы ретінде Ақтау қаласы таңдалған. Сондықтан аталған іс-шара Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу