Түркітілдес елдердің журналистері Түркістанда бас қосты

655

Түркітілдес елдердің журналистері Түркістанда бас қосты

Бүгін Түркістанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен "Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік" атты халықаралық журналистер форумы өтті. Форумға Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысты.

Шараның мақсаты – түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту.

Түркітілдес мемлекеттер арасында ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру мақсатында форумға келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу келісіміне келді.

Айта кетейік, іргелі шара барысында Түркі әлемін бір-біріне және әлем жұртшылығына насихаттауға сіңірген еңбегін марапаттау және ынталандыру мақсатында Халықаралық Түркі академиясы тағайындаған Исмаил Гаспыралы атындағы халықаралық медиа сыйлықтың иегерлері марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу