Түркітілдес мемлекеттерге ортақ онлайн анимациялық мектеп құру ұсынылды

747

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бастаған Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркітілдес мемлекеттерге ортақ онлайн анимациялық мектеп құру ұсынылды

"Фейк ньюс тарамауына және манипуляцияға қарсы жұмыс; медиа мамандармен өзара тәжірибе алмасуды дамыту; Түркі Кеңесінің мүшелерімен біріге ортақ ОТТ платформа құру; балаларға арналған анимациялық және видео контентпен алмасып, түркітілдес мемлекеттерге ортақ онлайн анимациялық мектеп құру идеясын ұсынамыз",- деп мәлімдеді министр.

Асқар Қуанышұлы "Qazaqstan" РТРК мен Түркияның "TRT" телерадиокомпаниясымен бірге "Қорқыт Ата" телехикаясын түсіру жоспарда тұрғанын, телехикаяны түсіріп, 2023 жылы эфирге шығару жоспарда бар екенін және бұл жоба түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу