Түркия 200-ге тарта орман өрті сөндірілді

1060

Қаза тапқандар саны 8-ге жетті. 

Түркия 200-ге тарта орман өрті сөндірілді

Соңғы күндері Түркияда 200-ге тарта орман өрті сөндірілді немесе бақылауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің орман шаруашылығы басқармасының дерегіне сілтеме жасап. Бес провинцияда әлі 12 өрт ауыздықталған жоқ. 

"28 шілде мен 6 тамыз аралығында 196 орман өрті бақылауға алынды. Мугла провинциясында жеті, Анталияда екі, Айдында, Ыспартта бір, Денизлиде бір ошағын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.  

Бейсенбіде Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли елдің оңтүстігінде 12 орман өртін сөндіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның тоғызы Анталия және Мугла курорттық провинцияларында. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожа хабарлағандай, тілсіз жаудан қаза тапқандар саны 8-ге дейін, зардап шеккендер саны 864-ке дейін өскен.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу