Түркия 2028 жылы туристер ағынын 90 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр – министр

544

Бұл туралы Түркияның мәдениет және туризм министрі айтты.

Түркия 2028 жылы туристер ағынын 90 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр – министр Фото: ашық дереккөз

Түркия биыл 60 миллион туристі қабылдап, 56 миллиард доллар туризм кірісін алуды жоспарлап отыр. Елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой алдағы 5 жылда туризм саласын дамыту жоспарларымен бөлісті.

Ерсой Түркияның пандемия басталғанға дейін туризмдегі рекордтық жетістіктерін еске салды. Оның айтуынша, 2019 жылы елге келген туристер саны 51,5 миллион адамды, ал туризмнен түскен кіріс 39 миллиард долларды құраған.

"2022 жылдың соңына қарай Түркияға келген турист саны 51,5 миллионға жетті, ал туризмнен түскен кіріс 46 миллиард долларды құрады", - деді Ерсой.

Министрдің сөзінше, 2019 жылы Түркия жаһандық туризм индустриясында алтыншы орынға жайғасты, ал өткен жылы үшінші орынға көтерілді. 

- "Пандемия кезінде бәсекелес елдер процестерді сәтті басқара алмады. Ал біздің қолымыздан келді, нәтижесінде секторды үшінші орынға шығардық. Бұл ел мен үкіметтің жағдайды қаншалықты сәтті басқарғанын білдіреді", - деді өз сөзінде. 

Сонымен қатар министр "Түркия ғасыры" тұжырымдамасы аясында туризм саласында да ауқымды жоспарлар бар екенін айтты. 

- "2023 жылы 60 миллион келуші және 56 миллиард доллар табыс, ал 2028 жылы 90 миллион келуші және 100 миллиард доллар табыс күтеміз. Түркия әлемдегі туристік елдер арасында алғашқы үштікке енетінін жариялаймыз. Барлық қиындықты бірге жеңу арқылы "Түркия ғасырының" мақсаттарына жақын болашақта жетеміз", - деді Ерсой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу