Түркия Африка құрлығынан мұнай мен газ іздестіруде

211

Түркия Сомалиде мұнай мен табиғи газды барлауды бастауды жоспарлап отыр.  

Түркия Африка құрлығынан мұнай мен газ іздестіруде Фото: Overclockers

Бұл туралы Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Могадишодағы түрік зерттеу кемесі Oruç Reis қарсы алу рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түрік мұнай корпорациясы (TPAO) мен Сомали мұнай басқармасы арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Ведомство басшысының айтуынша, келісімде көмірсутектерді құрлықта барлау қарастырылған.

Байрактар ​​Түркия мен Сомалидің теңіз саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді жалғастыратынын атап өтті.

"Oruç Reis" кемесі әрқайсысы шамамен 5 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын үш лицензиялық учаскеде сейсмикалық деректерді жинайды. Осыған байланысты жұмыстар шамамен 7 айға созылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу