Түркия әскери базасына шабуыл жасалды

1245

Шабуылды Ирактың Күрдістан аймағындағы жергілікті тұрғындар жасаған.

Түркия әскери базасына шабуыл жасалды

Ирактың Күрдістан аймағында жергілікті тұрғындар Түркияның әскери базасына шабуыл жасап, бір адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдар бұл арқылы түрік әуе күштерінің "Күрдістан жұмысшы партиясының" нысандарын атқылауына наразылығын білдірген. Бірақ ресми Анкара әрекетті осы ұйымның мүшелері жүзеге асырды деп отыр.

Еске сала кетейік, қаңтардың 20-22-сі аралығында Түркияның әуе күштері Ирактағы "Күрдістан жұмысшы партиясының" нысандарына соққы беріп, ұйымның 21 мүшесі қаза тапты. Себебі Түркия оны лаңкестік ұйым деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу