Түркия әскері Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб провинциясына басып кірді, деп хабарлайды 24.kz.
Түріктің 3 мыңнан аса әскери техникасы шекарадан өткен. Қазіргі уақытта 120-дан аса түрік жауынгері Идлибке орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия үкіметі лаңкестерге қарсы операцияны бастау туралы 9 қазанда мәлімдеген еді. Анкара бұл әскери операцияны Сирияның Идлиб провинциясындағы деэскалация аймақтары туралы 15 қыркүйекте Астанада Ресей, Иран және Түркияның қатысуымен өткен келіссөздерден кейін бастап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу