Қайғылы жағдайдан 10 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кахраманмараш өңірінде 14 жастағы оқушы сегіз сыныптасын және бір мұғалімді атып, кейін өзіне қол жұмсаған.
Ал одан бір күн бұрын Шанлыурфа аймағында бұрын оқыған мектебіне келген азамат ғимарат ішінде оқ жаудырып, кемінде 16 адамды жаралаған соң, өзін өлтірген.
Наразылыққа шыққандар жауаптылардан мектептегі зорлық-зомбылықтың себептерін жан-жақты зерттеуді және білім саласына қаржыны арттыруды талап етті. Кәсіподақ өкілдері білім министрін жауапты деп атап, оның отставкаға кетуін сұрады.
Мұндай шара Түркияның бірнеше қаласында да өткізілді. Мұғалімдер өз талаптарын ашық айтты.
Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған оқушы әкесіне тиесілі тапаншаны қолданған. Сот шешімімен оның әкесі қамауға алынды. Сонымен қатар құқық қорғау органдары ел бойынша қылмысты насихаттады деген күдікпен 83 адамды ұстаған.