Түркия астық мәмілесін ұзартқысы келеді

493

Түркия 19 қарашада аяқталатын астық мәмілесін бір жылға ұзартуды ұсынбақшы. 

Түркия астық мәмілесін ұзартқысы келеді

Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Анкарадағы журналистерге айтты, деп жазады Inbusiness.kz.

"Украина Ресейге [Қара теңіздегі қауіпсіздік дәлізін әскери мақсатта пайдаланбау туралы] Түркия арқылы кепілдік берді. Біз келісімді тағы бір жылға ұзартуды ұсынамыз", - деп атап өтті Түркия Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Хулуси Акар астық келісім "Тараптар кейбір мәселелерді келіссөздер арқылы шеше алатындығының жақсы мысалы" екенін атап өтті.

"Осы модельді қолдана отырып, біз алдағы күндері атысты тоқтату мен бейбітшілікке жол ашуды және Қара теңіздегі көршілес екі ел арасындағы қақтығыстың бейбіт жолмен аяқталуын шын жүректен тілейміз", — деп қосты министр.

Ресей 2 қарашада Украина БҰҰ мен Түркияның қатысуымен Қара теңіздегі қауіпсіздік дәлізін әскери мақсатта пайдаланбайтынына жазбаша кепілдік бергеннен кейін астық мәмілесіне қатысуды қайта бастау туралы шешім қабылдағанын еске саламыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу