Түркия астық пен тыңайтқыштарды Ресейден экспорттауға көмектесуге ниетті

464

Түркия билігі ресейлік астық пен тыңайтқыштарды еуропалық порттар арқылы экспорттаудағы кедергілерді жою үшін делдал рөлін алды, деді бейсенбіде Түрік СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы.  

Түркия астық пен тыңайтқыштарды Ресейден экспорттауға көмектесуге ниетті Фото: © POOL

Біздің жоспарымызда - Ресейден астық пен тыңайтқыштарды экспорттаудағы кедергілерді жою. Бұл - "астық бастамасы" бойынша Ыстанбұл келісімдерінің бір бөлігі, деді СІМ басшысы, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЭФЭ агенттігіне сілтеме жасап.

"Бұл өнімге Санкциялар қолданылмаса да, оны төлеу үшін көлік қажет, ал ол қызметтерге ақы төлеу керек. МІне осы жерде санкциялар кедергі жасайды. Бұл мәселелерді шешуде ешқандай ілгерлеу болған жоқ, әсіресе тыңайтқыштар жағдайында", — деп қосты Чавушоғлы.

Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл тақырыптарды еуропалық көшбасшылармен және Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкенмен көтергенін хабарлады. Түрік министрінің айтуынша, әңгіме Ресей Федерациясының астығы мен тыңайтқыштарын Бельгия, Нидерланды, ГФР, Эстония порттары арқылы экспорттау мүмкіндігіне қатысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу