Анкараның атом энергетикасы саласында бұдан басқа да тың жобалары бар. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоған мәлімдеуінше, Түркия билігі елдің энергияға тәуелділігін барынша азайтуды көздейді. Бұл мемлекет газ бен мұнай өндірісін арттырудың маңызды екенін түсініп отыр.
"Сакарья" кен орнынан өндірілетін отандық газ Түркиядағы 4 миллион абоненттің қажеттілігін өтейді. Алдағы жылы Қара теңіздегі өндіріс көлемі екі есеге, ал 2028 жылға қарай төрт есеге артады", – деді ол.
Бүгінде Түркия газды 34 елден сатып немесе тасымалдап отыр. Бұдан басқа Ердоған елдегі сирек кездесетін жер элементтерінің ірі қорына да тоқталды.
"Эскишехир провинциясындағы Бейликов ауданында 694 миллион тоннаға дейін барит, флюорит және басқа да сирек жер элементтері табылды. Бұл – дүние жүзі бойынша көлемі жағынан екінші ірі кен орны. Біз Түркияны бұл бағытта әлемдегі алғашқы бестікке шығаруды жоспарлап отырмыз", – деді ол.