Түркия Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтауға дайын екенін мәлімдеді

2243

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Талибан" көшбасшысымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтқан болатын. 

Түркия Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтауға дайын екенін мәлімдеді

Түркия Ауғанстандағы экономикалық дамуды, тұрақтылықты, бейбітшілік пен тыныштықты сақтау шараларын жалғастырады. Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәліи етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz

"Біз Ауғанстандағы барлық тараптармен, соның ішінде "Талибанмен" (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) диалог жүргізуді жалғастырамыз", – деді министр.Оның сөзінше, қазір Түркия билігі содырлармен кездесуге дайындалып жатыр. Сондай-ақ Чавушоглу түрік тарапы тек өз азаматтарын ғана емес, Ауғанстаннан шетелдік азаматтарды да эвакуациялайтынын мәлімдеді. 

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Талибан" көшбасшысымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтқан болатын. Бірақ нақты кіммен екенін ашып айтпады. Сондай-ақ Ердоған елдің құзыретті органдары Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын жариялады.

21 шілдеде тәліптер Түркиямен достық қарым-қатынасты сақтағысы келетінін білдірген еді. "Талибан" азаматтық соғыстан кейін Ауғанстанды қалпына келтіру үшін Түркиядан көмек алуға дайын екендігін мәлім етті. Бірақ тәліптер Түркия билігінен Ауғанстан аумағындағы әскерін шығаруға үндеді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу