Түркия ауғанстандық босқындарды қабылдаудан бас тартты

1042

Бұған дейін Тәжікстан Ауғанстаннан 100 мыңдай босқынды қабылдауға дайындалып жатыр деп хабарланған еді. 

Түркия ауғанстандық босқындарды қабылдаудан бас тартты

Түркия ауғанстандық босқындарды қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz түрік СІМ-нің ресми өкілі Танжу Бильгич мәлімдесіне сілтеме жасап. 
Бұл – дипломаттың Австрия канцлері Себастьян Курцтың мәлімдемесіне берген жауабы. Бұған дейін австриялық саясаткер Түркия босқындар үшін ең қолайлы жер деп айтқан еді. 

Бильгичтің сөзінше, Австрия босқындарды басқа елдерге бағыттаудың орнына оларды қабылдауы керек. Дипломат Австрия тарапына мұндай міндеттемелерді жүктейтін БҰҰ-ның 1951 жылы қабылданған конвенциясын еске салды.

Бұған дейін Тәжікстан Ауғанстаннан 100 мыңдай босқынды қабылдауға дайындалып жатыр деп хабарланған еді. Тәжікстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет басшысының орынбасары Имомали Иброхимзоданың айтуынша, қазір жергілікті билік Хатлон және Таулы Бадахшан облыстарында босқындарға қажет гуманитарлық тауарлар сақталатын екі үлкен қойма салып жатыр.

Ауғанстандағы жағдай 1 мамырда АҚШ пен НАТО өз әскерін ресми түрде шығара бастағаннан кейін шиеленісе түсті. Елдегі "Талибан" қозғалысы күшейіп, содырлар бірқатар аумақты басып ала бастады. 22 шілдеде "Талибан" өкілі Забиулла Мужахед қозғалыс ауған шекараларының 90%-ын бақылауына алғанын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу