Түркия Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

968

Бұған дейін тәліптер Түркия билігінен Ауғанстан аумағындағы әскерін шығаруға үндеген еді.

Түркия Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

Түркияның қорғаныс министрлігі Ауғанстаннан 600 әскериін шығару операциясының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz қорғаныс ведомствосының Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жергіліктің биліктің айтуынша, түрік қарулы күштерінің бөлімшелерін эвакуациялау туралы шешім бірқатар талқылаудан кейін қабылданған. 

"Түркияның әскери күштері Ауғанстандағы борышын өтеп, отанына абыроймен оралады. Келіссөздер жүргізілгеннен кейін, эвакуациялау басталды", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Талибан" көшбасшысымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтқан болатын. Бірақ нақты кіммен екенін ашып айтпады. Сондай-ақ Ердоған елдің құзыретті органдары Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатқанын жариялады.

21 шілдеде тәліптер Түркиямен достық қарым-қатынасты сақтағысы келетінін білдірген еді. "Талибан" азаматтық соғыстан кейін Ауғанстанды қалпына келтіру үшін Түркиядан көмек алуға дайын екендігін мәлім етті. Бірақ тәліптер Түркия билігінен Ауғанстан аумағындағы әскерін шығаруға үндеген еді.

Табиғат Нұрболат
Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу