Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

397

Бұл өзгерістерді ҚР Ішкі істер министрлігі бекітті.  

Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады Фото: imtilak.net

Қазақстан Үкіметі қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, енді Түркия азаматтары елімізде визасыз 90 күнге дейін бола алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрын түркиялықтар Қазақстанда тек 30 күнге дейін визасыз тұруға құқылы болса, енді олар 180 күндік кезең ішінде жалпы есеппен 90 күнге дейін қала алады. Дегенмен бір келу кезінде визасыз болу мерзімі бұрынғыдай 30 күннен аспауы тиіс.

Ресми құжатта аталған өзгерістердің басты мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық және туристік белсенділікті арттыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны дамыту екені атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу