Түркия азаматтарын Суданнан эвакуациялау аяқталды

673

Бұл жайлы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. 

Түркия азаматтарын Суданнан эвакуациялау аяқталды Фото: www.aa.com.tr

Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта Судандағы түркиялық азаматтардың қайтуын қамтамасыз ету мақсатында 23 сәуірде басталған эвакуация бойынша операция  1 мамырда аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты, жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Министрлік эвакуация кезінде түрік азаматтарының қауіпсіздігіне басымдық берілгенін атап өтті. Сонымен қатар, эвакуациялау кезінде барлық қолжетімді көлік түрлері, соның ішінде автомобиль, теңіз және әуе көлігі жұмылдырылған.

"Қолдау сұраған 1700-ден астам түрік азаматы мен 22 елдің 300-ге жуық азаматы Суданнан аман-есен эвакуацияланды", - деді сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрлігі Түркияның азаматтарын эвакуациялау операциясына үлес қосқан Эфиопия, Мысыр, Судан және Сауд Арабиясы сынды бірқатар елге алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу