Түркия мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бел буған екі ел басшысы білім саласындағы маңызды жобалардың біріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі trthaber.com-ға сілтеме жасап.
Режеп Тайып Ердоған Бакуге сапары барысында әріптесі Илхам Әлиевпен екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды. Соның бірі – білім саласы.
Осы бағытта жасалынып жатқан қадамның бірі – Түркия-Әзербайжан университетін құру. Осы мәселеге байланысты Түркияның жоғары білім беру кеңесінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал Әзербайжан тарапы болса, жоба аясында құқықтық реттеу қажеттігін айтты.
"Түркия-Әзербайжан жоғары оқу орнының екі ел үшін маңызы зор болмақ. Нәтижесінде әзербайжандық жастарымыздың Түркияға келіп оқып жатқандары секілді, түрік жастары да Әзербайжандағы университетте білім алу мүмкіндігіне ие болады", - деді Ердоған.