Түркия Әзербайжанға жаңа құбыр арқылы газ жеткізуді бастады

192

Бұл жоба екі елге пайда әкеледі деп күтіліп отыр. 

Түркия Әзербайжанға жаңа құбыр арқылы газ жеткізуді бастады Фото: МК Турция

Жақында Түркия мен  Әзербайжан президенттері бейнебайланыс форматында Ыгдыр-Нахчыван газ құбырының ашылу салтанатына қатысты. Қос елдің энергетика министрлері Ыгдырдағы газ құбыры іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Газ құбырының ең жоғары өткізу қабілеті – 730 миллион текше метр. Болашақта бұл көрсеткіш артуы мүмкін деп күтіліп отыр.

"Бүгінде екі бауырлас ел – Түркия мен Әзірбайжан ауқымды жобаларды қолға алып жатыр. Баку-Тбилиси-Джейхан, Баку-Тбилиси-Эрзурум және TANAP секілді мұнай және газ құбырларының жобалары біздің елдерімізді байланыстырып қана қоймай, Еуразияның энергетикалық картасын өзгертті. Қазір Түркия аумағы арқылы тасымалданатын Әзербайжан газы көптеген елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Былтыр Әзербайжан газының экспорты 25 миллиард текше метрге жетті. Оның жартысына жуығы Түркияға тиесілі, ал Түркиядан басқа тағы 11 елге экспортталады. Оның ішінде 10 еуропалық мемлекет бар",  деді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Өз кезегінде Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Ыгдыр-Нахчыван газ құбыры қос тараптың энергетика саласындағы алдыңғы стратегиялық бастамаларымын толықтыратынын атап өтті.

"BOTAŞ салған 80 шақырымдық газ құбыры тәулігіне 2 миллион текше метрге дейін газ жеткізуге арналған. Ыгдыр-Нахчыван газ құбырын пайдалануға беру арқылы Нахчыванның жоқ дегенде 30 жыл мерзімге энергетикалық қажеттіліктерін өтейді. Осылайша бұл жоба екі елге пайда әкеледі", – деді Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу