Түркия Әзербайжанның Шуша қаласында Бас консулдығын ашуға дайын – Ердоған

557

Ердоған мен Әлиев кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Түркия Әзербайжанның Шуша қаласында Бас консулдығын ашуға дайын – Ердоған Фото: Anadolu Agency

Президент болып қайтадан сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан бастаған Ердоған кездесулері аяқталған соң бірден Әзірбайжанның астанасы Бакуге келді. Бүгін мемлекет басшылары арасында кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Ердоғанның Әзербайжан сапары жалғасуда. Бакуде президент Илхам Әлиев сән салтанатпен қарсы алды. Одан кейін екі ел басшысы арасында кездесулер басталды. Ердоғанның айтуынша, Шуша декларациясының арқасында Анкара мен Баку арасындағы байланыстар одақтық деңгейге көтерілді. Түркия тарапы бауырлас Әзербайжанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бел буып отыр. 

- "Біз кез келген уақытта Шушада Бас консулдығымызды ашуға дайынбыз.Егер Әзербайжанның мәдени астанасында түрік дипломатиялық миссиясы ашылса, бұл бүкіл әлемге, әсіресе Арменияға нақты хабар бергендей болмақ", - деді президент. 

Сонымен қатар Түркияның "Маариф" қоры Әзербайжан билігінің қолдауымен білім беру саласындағы қызметін жалғастыруда. 

- Келесі жылы мектебіміздің жаңа білім беру кампусын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Қадірлі бауырыммен бірге екіжақты кездесуде Каспий теңізі арқылы өтетін орта көлік дәлізі арқылы жүктерді жеткізу мәселесін, осы тұрғыда Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісін мүмкіндігінше тезірек қолға алуды талқыладық, - деді Ердоған.

Сонымен қатар Ердоған Түркия мен Әзірбайжан арасындағы достық байланыс  "бүкіл әлемге үлгі" екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу