Түркия "бәрі қосулы" жүйесін қалдыратын болды

1061

Себебі туризмді дәл осы жүйе арқылы дамытып отырған түріктерге оны алып тастау тиімсіз.

 Түркия "бәрі қосулы" жүйесін қалдыратын болды

Қазақстандықтар жиі саяхаттайтын мемлекеттердің бірі Түркия "бәрі қосулы" жүйесін қалдыратын болды. Бұл жайында елдің қонақ үйлер федерациясының басшысы Осман Айык мәлімдеді.

Естеріңізде болса, былтыр Түркияның туризм министрі "all inclusive" қызмет көрсету әдісін алып тастауды ұсынған еді. Орнына қалтасы қалың тұтынушыларды тарту керек дегені бар. Алайда туризмді дәл осы жүйе арқылы дамытып отырған түріктер, оны алып тастаудан бас тартуда.

Ал биылғы жылдың наурыз айында елдің үкіметі, мейрамхана-қонақ үй саласындағы 200-ге жуық маманды арнайы оқытқан. Осылайша жақын арада туристердің санын 70 млн-ға жеткізуге ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу