Түркия билігі 130 адамды азаматтықтан айыру процесін бастады. Бұл тізімде ислам уағызшысы Фетхуллах Гүлен және күрділік Халық демократтары партиясының депутаттары бар, деп хабарлайды kazislam.kz.
Hurriyet Daily News газетінің хабарлауынша, ведомство осыған қатысты құжатты 5 маусым күні жариялаған. Айта кетсек, 2016 жылдың шілде айында Түркияда орын алған билікті басып алуға қатысты бүліктің басты ұйымдастырушысы деп айыпталған Фетхуллах Гүлен 1999 жылдан бері Құрама штаттың Пенсильвания штатында тұрады. Басылым мәліметінше, жалпы 130 адам үш ай мерзім ішінде елге оралмаса Түркия азаматтығынан айырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу