Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен 10 провинциясында кем дегенде 41 мың ғимарат қираған немесе апатты жағдайда, деп хабарлады inbusiness.kz Түркияның қала құрылысы мен қоршаған орта министрлігіне сілтеме жасап.
"Апаттан зардап шеккен 10 провинцияда біз қазірдің өзінде құлаған 41 791 ғимаратты анықтадық, ал кейбір үйлерді тез арада бұзу керек, өйткені олар апатты жағдайда", — деді министр Мұрат Курум Газиантепте өткен брифингте.
Оның айтуынша, 10 провинциядағы ғимараттардың жағдайын толық бағалауды бір апта ішінде аяқтау жоспарлануда.
Министр ақпан айының соңына дейін 10 провинцияда құрылыс жұмыстары басталады деп хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу