Түркия билігі сириялық босқындарды еліне қайтара бастады

491

БҰҰ-ның мәліметінше, елде 3,5 миллиондай сириялық босқын тұрып жатыр

Түркия билігі сириялық босқындарды еліне қайтара бастады Фото: bbc.com

Түркия билігі сириялық босқындарды отанына қайтара бастады. 500 мың адамды Сирияның солтүстігінде салынған үйлерде орналастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, Қатар елімен бірлескен тағы бір миллион үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

БҰҰ-ның мәліметінше, Түркия республикасының аумағында үш жарым миллиондай сириялық босқын тұрып жатыр.

Оппозициядан ұсынылған президенттікке үміткер Кемал Кылычдароғлұ сайлауда жеңіске жетсе, барлық босқындарды елдеріне қайтаратынын жариялаған. Ол миграциялық дағдарыс үшін жауапкершілікті Ердоғанға артты.

Еске салайық, алдағы жексенбіде Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу