Түркия билігін халықтың қартаюы уайымдатып отыр

Елдің кейбір провинцияларында халықтың қартаюы 43 жасқа жеткен.

Түркия билігін халықтың қартаюы уайымдатып отыр Фото: dailysabah.com

Түркия Статистика Институты (TÜİK) 2015 жылы бұл көрсеткіштің 31 жас болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Халықтың орташа жасы 2024 жылы 34,4 жас саналса, 2026 жылға қарай 35 жастан асады деп болжанған. Бұл статистика халықтың қартаю процесінің жеделдеп жатқанынан хабар береді. 
Негізінен, Түркияда егде жастағы халық деп есептелетін 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны былтыр 9 миллионға жобалап, соңғы бес жылда 20 пайыздан аса өскен. 
Демографиялық болжамға сәйкес, егде жастағы халықтың үлесі 2030 жылы 12,9%, 2040 жылы 16,3%, 2060 жылы 22,6% және 2080 жылы 25,6%-ға жетеді. 

Синоп, Гиресун және Кастамону провинцияларында орташа жас қазірдің өзінде 43 жасқа жеткен. Бұл болашақта ел экономикасына да өз зиянын тигізеді. 

Мамандар 2050 жылға таман Түркия халқының орташа жасы 45 жасқа дейін өсуі ықтимал екенін болжап отыр. Мұндай демографиялық өзгеріс туу көрсеткішінің төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының артуына тікелей байланысты. 

Еске салайық, осыған дейін Түркияда 2025 жыл "Отбасы жылы" деп жарияланған еді. Бұл бастама ел жастары мен демографиясын қолдауға барынша бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу