Түркия бітімгер әскерін Украинаға жіберу жолын қарастырып жатыр

Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Bloomberg жазған. 

Түркия бітімгер әскерін Украинаға жіберу жолын қарастырып жатыр Фото: 24 канал

Мәселе Украина мен Ресей арасында атысты тоқтату туралы келісім жасалған жағдайда жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Түркия Украинаның шығысындағы жағдайды бақылайтын бітімгерлік әскерін жіберудің жолын қарастыруда. 

– АҚШ Еуропа алдындағы міндеттемелерін қайта қарастыра бастаған шақта Анкара барған сайын елеулі саяси ойыншы, НАТО-ның "тірегіне" айналып барады, – деп жазды Bloomberg.

Қалай десек те, Түркия Еуроодақпен әскери және экономикалық әріптестікті нығайтуға күш салып отырғанға ұқсайды. 

Бітімгерлік әскері туралы ақпаратты Украинаның президенті де растады. Ол Түркияны елінің қауіпсіздік кепілдіктері бойынша серіктесі ретінде қарастыратынын мәлімдеген. Владимир Зеленский Түркиямен еркін сауда келісімін ратификациялауға дайын екенін де айта кеткен. 

Бұған дейін Украинаға өз бітімгер әскерін жіберуге дайын екенін Франция, Ұлыбритания және Дания мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу