Түркия босқындарға арналған 100 мың орындық лагерь ашады

1095

Түркия босқындарға арналған 100 мың орындық лагерь ашады

Түркия будда радикалдары тарапынан рохиниялық мұсылмандардың өз атамекенінде отырып, қыспаққа ұшырағанда әлемде алғашқылардың бірі болып, дабыл қаққан елдердің бірі. Енді Түркия билігі Мьянмадағы буддашыл радикалдардың зорлық-зомбылығы мен жәбір-жапасынан көршілес Бангладешке бас сауғалаған рохиньялық мұсылман босқындарға лагер ашып бермек, деп хаблайды islam.kz.

Түріктер ашып беретін лагер 100 мың адамға шақталған. Бұл босқындар лагерін салуға түріктер 50 млн доллар жұмсайды екен. Бұған қоса, осынша қаржыға босқындарды асырайтын, екі дала емханасының жұмыстарын жүргізетін болады. Лагер - уақытша шара. Түркия билігінің түпкі мақсаты рохиньялық мұсылмандардың тезірек отанына оралуына барынша жағдай жасау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу