Түркия соты 2016 жылдың жазында төңкерісті ұйымдастыруға қатысты деген айыппен екі әскери қызметкерді өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп жазады reactor.inform.kz.
Бұл маусымдағы төңкеріске қатысты шығарылып отырған алғашқы сот үкімі. Экс-полковник пен майорға оппозиционер Фетхуллах Гүленмен байланыста болды деген айып тағылған. Тергеу деректеріне сәйкес, төңкеріс сәтті ұйымдастырылған жағдайда сотталушылар Эрзурум провинциясына командир ретінде тағайындалуға тиіс болған.
Бірер күн бұрын Түркиядағы төтенше жағдай режимі үш айға ұзартылған болатын. Ал оның алдында Греция елден қашып кеткен әскерилерді экстрадациялаудан бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу