Түркия БҰҰ-ны реформалауды ұсынды

990

Алтун Түркияның бұған қатысты ұсыныстары бар екенін жене оларды талқылауға дайын екенін айтты.

Түркия БҰҰ-ны реформалауды ұсынды

Түркия БҰҰ құрылымын реформалауды ұсынды.

Анкараның пікірінше, ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда тиімдісіз, гуманитарлық апаттардың алдын алу үшін нақты шешімдер қабылдай алмайды.

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар жөніндегі басқармасының басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"БҰҰ-ның қазіргі құрылымы жаһандық проблемаларды шеше алмай жүргеніне куә болып жүрміз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері даулы жағдайларда өз мүдделерін ойлап, кей бастамаларға тосқауыл қойып жүр. Бес тұрақты мүше Азия, Латын Америкасы және Африка елдерінің құқықтарын елемей, тек өздерінің мүдделеріне негізделген мәселелерді шешеді. Сондықтан БҰҰ-ны реформалау қажет", – деді түркиялық саясаткер.

Алтун БҰҰ-ның Украинадағы жағдайға байланысты әрекетін сынға алды.

"Бұрын Босния мен Герцеговинадағы, Руандадағы, Сириядағы және Косовадағы трагедиялардың алдын алуға қауқары жетпеген ұйым Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары кезінде де дәрменсіздік танытты", – деді ол.

Алтун Түркияның БҰҰ-ны реформалау бойынша ұсыныстары бар екенін жене оларды талқылауға дайын екенін айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу