Түркия БҰҰ-ның әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз екенін мәлімдеді

1042

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу БҰҰ-ның жүйесі әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркия БҰҰ-ның әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз екенін мәлімдеді

"БҰҰ жүйесі проблемаларды шеше алмайды. Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі пандемияға қатысты бірлескен шешімді үш ай өткен соң қабылдады", – деді ол. 

Сонымен қатар министр: "Анкара әділ әрекет еткендіктен, Ресей мен Украина оның делдалдық рөлінен бас тартып отырған жоқ", – деп айтты.

Түркия билігі бірнеше жыл бойы БҰҰ жүйесін реформалауды ұсынып келеді. Украинадағы жағдай ушыққаннан кейін, мұндай мәлімдемелер жиілеп кетті.

2021 жылдың қазан айында Ангола парламентінде сөйлеген сөзінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған адамзаттың тағдыры Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен "бірнеше елге" бағынышты болмауы керек деп айтқан болатын. Ол әлем БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жеңімпаз ретінде енген бес мемлекеттен "кең" деген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу