Түркия доллардан бас тартты

909

Дональд Трамп Түркиядан келетін қалайы (20  пайызға) мен болатқа (50 пайызға) баж салығын екі есе арттырған еді.

Түркия доллардан бас тартты

Түркия Қытай, Ресей, Иран және өзге де аса ірі сауда әріптестерімен ұлттық валюта бойынша есеп айырысуға көшеді. Бұл жайында аталған елдің президенті Режеп Тайып Енрдоған мәлімдеді, деп хабарлайды islam.kz.

Оның айтуынша, Түркияның мұндай қадамға баруына АҚШ пен Түркия арасындағы қатынастың нашарлап кеткені себеп болып отыр.

Жұма күні Ақ үй қожайыны Дональд Трамп Түркиядан келетін қалайы (20  пайызға) мен болатқа (50 пайызға) баж салығын екі есе арттырғанын мәлімдеген болатын. Америкалықтардың бұл кедендік шарасы түрік лирасының кезекті құлдырауына түрткі болды: долларға шаққандағы бағамы 6,62-ға дейін құлдырап, 20 пайызға арзандап кетті.

Екі елдің қатынасы 2016 жылы түрік билігінің пәрменімен америкалық пастор Эндрю Брансонды тұтқындағаннан кейін нашарлап кеткен болатын. Эндрю Брансон күрдтер арасында уағыз жүргізіп, Түркияның орнына христиан мемлекетін құруды насихаттағаны үшін абақтыға жабылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу