Түркия долларсыздандыру саясатын қолға алды

1283

Түркия долларсыздандыру саясатын қолға алды

Түркияда долларсыздандыру саясаты аясында бұдан былай елдегі барлық тендер тек түрік лирасымен ғана жүргізіледі, деп жазады Haberler басылымына сілтеме жасаған egemen.kz.

Тек енді қолға алынатын тендерлер емес, сонымен қатар қазір келісімшарты дайындалып жатқан тендерлік сауда да тек ұлттық валютамен есептесетін болады.

Стамбұл биржасы 2 желтоқсан күні барлық операцияны лирамен жүргізіп, жиналатын қорды да тек ұлттық валютамен сақтау туралы шешім қабылдаған еді.

Президент Ердоған бұдан сәл ертерек ел азаматтарын тек түрік лирасымен ғана жұмыс істеп, артық ақшаны да өз валюталарында сақтауға шақырған.

Сонымен қатар Түркияның сауда палатасы да аталған бастамаға қосылды. Ведомства басшысы Ибрагим Чағлардың айтуынша, ел аумағында сауда палатасы тек түрік лирасын қолданбақ.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Ердоған Түркияның Ресеймен, Қытаймен және Иранмен арадағы саудасында тек осы мемлекеттердің валютасы қолданылатынын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу