Түркия Донбастағы дағдарысқа қатысты өз позициясын білдірді

3240

Ердоған Украинаның НАТО-ға кіруін қолдайды.

Түркия Донбастағы дағдарысқа қатысты өз позициясын білдірді Фото: reuters.com

Түркия Ресей мен Украина арасындағы Донбасс дағдарысы уақытында ешқандай тарапты қолдамайтынын білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Анкараның екі елмен де керемет қарым-қатынасты ұстанып отырғанын айтты. 

"Біз бұл дағдарыс кезінде Ресейді де, Украинаны да қолдамаймыз. Түркия Қара теңіздің әлем теңізі болғанын қалайды. Қазір Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс бұған кедергі келтіріп отыр", – деді дипломат.

10 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Ыстамбұлда Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Келіссөздер барысында Ердоған Украинаның НАТО-ға кіруін қолдады.

Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу