Түркия, Египет және Израиль Газа секторынан жарақат алғандарды шығару үшін арнайы топ құрды

285

Бұл туралы Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа X (бұрынғы твиттер) әлеуметтік желісінде хабарлады. 

Түркия, Египет және Израиль Газа секторынан жарақат алғандарды шығару үшін арнайы топ құрды Фото: mavink.com

Түркия, Египет және Израиль Газа секторынан жарақат алған адамдарды шығару үшін үйлестіру тобын құрды, деп жазады inbusiness.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Пациенттерді Газа секторынан шығару жөніндегі дипломатиялық күш-жігер шеңберінде Израильдің Денсаулық сақтау министрлігімен байланыс орнатылды. Бұдан бөлек Түркия, Египет және Израиль арасында денсаулық сақтау үйлестіру тобы құрылды", - делінген басылымда.

Ведомство басшысы кеше мысырлық әріптесімен келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Сонымен қатар, Коджа онкологиялық науқастарды Газадағы түрік-палестиналық достық ауруханасынан Шейх Зувейд пен Аль-Ариштағы Египет ауруханаларына тасымалдау туралы келісімді еске түсірді.

"Түрік медицина қызметкерлері мысырлық әріптестерімен бірге Газадан келген науқастарды емдейді. Ал екінші кезеңде, Түркияға ұшақпен материалдық жағдайы мүмкіндік беретін науқастарды жіберу жоспарланып отыр", - деп қосты министр.

Барлығы Рафах арқылы мыңдаған науқастар мен жарақат алған адамдарды анклавтан шығару жоспарланып отыр. Түрік тарапы бұған дейін атап өткендей, Каир далалық ауруханалары бар екі кемеге Египет порттарына кіруге рұқсат берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу