Түркия екі ауылды су басып қалды

885

Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Түркия екі ауылды су басып қалды

Түркияның солтүстік-батысында жаңбыр нөсерлетіп, су тасқыны жүріп, 1 адам қаза тапты. Тағы 6 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Шелектеп құйған жауыннан Ыстамбұл қалысынан шығысқа қарай орналасқан екі ауылды су басып, жүздеген тұрғын оқшауланып қалған. Құтқарушылар 69 тұрғынды қауіпсіз жерге тікұшақпен алып шыққанын мәлімдеп отыр. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар жауын тағы жалғасуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу