Түркия екінші және үшінші АЭС салу үшін Оңтүстік Корея, Ресей және Қытаймен келіссөз жүргізуде

904

Ыстанбұлда атом электр станцияларының 9-саммиті мен 5-көрмесі ашылды.

Түркия екінші және үшінші АЭС салу үшін Оңтүстік Корея, Ресей және Қытаймен келіссөз жүргізуде Фото: Ашық дереккөзден

Түркия елдің екінші атом электр станциясының құрылыс жобасын Оңтүстік Корея және Ресей Федерациясымен, ал үшіншісін Қытаймен талқылап жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Ыстанбұлда атом электр станцияларының 9-шы саммиті мен 5-ші көрмесі ашылды. Ашылу салтанатында сөз алған Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрлігі ядролық энергетика және халықаралық жобалар бас басқармасының бөлім басшысы Салих Сары Синоптағы екінші атом электр станциясының орнында қажетті зерттеулер аяқталғанын айтты. Қазір Оңтүстік Корея және Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

Сонымен қатар, қытайлық мамандармен Түркияда үшінші атом электр станциясын салу мәселесі талқылануда.

"Сонымен қатар, біз шағын модульдік реакторлар мәселесі бойынша американдық, британдық және француздық компаниялармен тығыз байланыстамыз. Төртінші атом электр стансасының орны анықталып жатыр", – деді мекеме өкілі.

Өз кезегінде "Аккую" АЭС директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Антон Дедусенко Түркияның Мерсин провинциясындағы бірінші атом электр станциясы жобасының барысы туралы айтты. Оның айтуынша, жыл соңына дейін "Аккую"  АЭС-тің бірінші энергоблогындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, қазірдің өзінде жұмыс аяқталуға жақын.

Дедусенко Ресей тарапының Түркиямен әріптестікті жоғары бағалайтынын және бұл серіктестікті дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін айтты.

"Росатом Түркиямен ынтымақтастықтың жаңа салаларын талқылауға әрқашан ашық. Әрине, оның ішінде қуатты атом электр станцияларын салу бойынша жаңа жобалар болуы мүмкін", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу