Түркия экономикасын қиын кезең күтіп тұр – сарапшылар

692

Қайтадан бес жылға сайланған Ердоған Түркияның құлдыраған экономикасын қалай қалпына келтірмек?

Түркия экономикасын қиын кезең күтіп тұр – сарапшылар Фото: http://hayatestate.com/

Режеп Тайып Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен соң нарық мамандары түрік экономикасының болашағына қатысты түрлі болжамдар жасады. Сарапшылардың пікірінше экономиканың бағыты өзгермесе, Түркияны қиын күндер күтіп тұр-мыс.

Ердоғанның сайлаудағы жеңісінен кейін түрік лирасы құлдырады. 

Америкалық Ninety One инвестициялық компаниясының сарапшысы Роджер Марк BBC түрікшеге берген сұхбатында Түркиядағы төлем балансы дағдарысының тереңдей түсетінін және капитал бақылауының күшеюі мүмкін екенін ескертті.

- "Біздің ойымызша, Ердоған үшін ең қиыны Түркия экономикасы болады. Оның жеңісі қауіпті экономикалық теңсіздіктермен тұспа-тұс келді және оның гетеродокс экономикалық моделі барған сайын тұрақсыз болып барады. Егер экономикалық саясаттың бағыты өзгермесе, Түркия төлем балансы дағдарысы мен капиталды қатаң бақылауға көшеді. Төтенше сценарийде азаматтардың үлкен доллар қорын күштеп айырбастауын және түрік қарыз алушыларының сыртқы міндеттемелерін орындамай жатқанын көреміз", - деді ол.

Ал Global Securities зерттеу тобының директоры Сердар Пазы Ердоған сайлауалды науқанында да, жеңіске жеткенен кейінгі сөзінде де төмен пайыздық мөлшерлеме саясатын жақтағанын алға тартты.

- "Соған қарағанда бұл саясаттың кем дегенде 2024 жылдың бірінші тоқсанының соңында өтетін жергілікті сайлауға дейін өзгеруі екіталай. Біз акцияларда қысқа мерзімді өсу байқаймыз, әсіресе айырбас бағамы 20-дан жоғары болуы мүмкін. Бұл процесс экспорттаушыларға маңызды артықшылықтар береді", - деді. 

Сонымен қатар Tellimer компаниясының қорларды зерттеулер бөлімінің басшысы Хаснайн Малик барлық активтерге әсер  ететін ауыр дағдарыс келе жатқанын айтты.

- "Ердоғанның сайдаудағы жеңісі шетелдік инвесторларға ешқандай жайлылық бермейді. Инфляция өте жоғары, пайыздық мөлшерлемелер өте төмен және нақты валюта резерві жоқ".

Ертең жаңа министрлермен толыққан кабинеттің алғашқы отырысы өтеді деп жоспарланған. Онда әсіресе экономика және терроризммен күрес талқыланады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу