Түркия экономикасының өсімі рекордтық деңгейге жетті

1376

Елдің ЖІӨ 21,7%-ға өсті.

Түркия экономикасының өсімі рекордтық деңгейге жетті Фото: reuters.com

2020 жылы құлдыраған түрік экономикасы екінші тоқсанда рекордтық көрсеткішке ие болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, ЖІӨ жылдық мәнде 21,7%-ға артты. Бұл – 1999 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.

Осы мәлімет жарияланғаннан кейін лираның долларға қатысты бағамы 0,3%-ға нығайып, 11 маусымнан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

765 миллиард долларға бағаланатын бұл экономика "Үлкен жиырмалықтың" көптеген елдерінен асып түсті. Ел экспорты 59,9%-ға, импорт 19,2%-ға өсті. Өткен жылы Түркияның ЖІӨ пандемия кесірінен 10,4%-ға төмендеген еді.

Экономиканың өсуіне қызмет көрсету және өнеркәсіп секторлары зор үлес қосты, олар екінші тоқсанда айтарлықтай жанданды. ЖІӨ-нің рекордтық өсуіне үй шаруашылығын тұтынудың артуы да ықпал етті. Халық 2020 жылмен салыстырғанда тауарларды 22,9%-ға белсендірек сатып ала бастады.

Алайда сарапшылар Түркияға қатысты оптимистік болжамға күмән келтіріп отары. Garanti BBVA банкі елдің басты мәселесі ЖІӨ-нің өсуінде емес, инфляцияда деп санайды. 2020 жылы Түркия пайыздық мөлшерлемелерді төмендетіп, тұтыну деңгейін көтеру және экономиканы дағдарыстан шығару үшін халықты несие алуға ынталандырған еді. Бірақ бұл шара ұлттық валютаның 20%-ға әлсіреуіне және тауарлар құнының қымбаттауына әкеліп соқты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу