Түркия еурокубоктардың финалдық матчтарын өткізуге өтінім берді

326

УЕФА атқару комитеті 2024 жылдың мамыр айында 8 финалдық матч өтетін стадиондарды анықтайды. 

Түркия еурокубоктардың финалдық матчтарын өткізуге өтінім берді Фото: Anadolu Agency

Түркия 2026 және 2027 жылдары УЕФА Еуропа Лигасы мен еуропалық конференциялар лигасының финалдық матчтарын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

УЕФА мәлімдемесіне сәйкес, УЕФА клубтық ұйымдарының ерлер мен әйелдер арасындағы финалдық матчтарын аталған жылдары өткізу үшін өтінімдерді 9 елдің футбол федерациялары берген.

Түркия футбол федерациясы УЕФА Еуропа Лигасы мен УЕФА еуропалық конференциялар лигасының финалын 2026 және 2027 жылдары Стамбулдың "Бешикташ", "Фенербахче" және "Галатасарай" клубтарының стадиондарында өткізуді ұсынды.

Осылайша, УЕФА атқару комитеті келер жылдың мамыр айында 8 финалдық матч өтетін стадиондарды анықтайды.

УЕФА-ның негізгі турнирлерінің финалын өткізуге Венгрия, Италия, Германия, Норвегия, Шотландия, Израиль және Швейцария да үміткер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу