Түркия Еуропада жоғарғы білімі жоқ жастар саны бойынша бірінші орында

271

Түркияның DİSK-AR зерттеу орталығының жұмыссыздық пен жұмыспен қамту перспективалары туралы есебіне сәйкес, 2024 жылдың бірінші тоқсанында елдің жас тұрғындарының жұмыссыздық деңгейі 34,9%-ды құрайды.  

Түркия Еуропада жоғарғы білімі жоқ жастар саны бойынша бірінші орында Фото: МК Турция

Зерттеушілер сонымен қатар Түркия Еуропада жоғарғы білімі әрі тұрақты жұмысы жоқ жастар саны бойынша бірінші орында тұрғанын растады. Бұл туралы Sözcü басылымы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

DİSK-AR есебіне сәйкес, еңбекке қабілетті жастағы 65,7 миллион адамның (елдің жалпы халқы — 85 372 377 адам) ішінде тек 22,5 миллион адам ресми түрде жұмыс істейді.

"Еңбекке қабілетті жастағы 33,2 миллион түрік әйелдерінің тек 6,6 млн-ы ғана тіркелген және толық жұмыспен қамтылған. Ерлер арасында 32,5 млн адамның 15,8 млн-ы ғана жұмыс істейді", — деп растады зерттеушілер.

Сарапшылар мұндай жағдайды "біліктіліктіліктің жоқтығы" деп бағалап, Түркияның жалпы экономикалық тұрақтылығы мен дамуына кері ықпал ететінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу