Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруін ратификациялауға келісті

523

Финляндияның жағдайы Швециядан өзгеше, деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

 Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруін ратификациялауға келісті Фото: rbc.ru

Оның айтуынша, Стокгольм Анкара сұраған "терроршыларды" экстрадициялауға келіспеген.

Ердоған Түркияның одаққа мүше болу үшін Финляндиядан "шынайы және шешуші қадамдар" көргенін айтты.

Бүгін Анкарада Түркия президенті Финляндия басшысы Саули Ниинистёмен кездесті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Түркия Финляндияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдау процесін бастайтынын жеткізді, деп хабарлайды İnbusiness.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

"Біз Хельсинкиден шынайы әрі батыл қадамдарды көрдік. Біз Финляндияның НАТО-ға қосылу туралы өтінішін парламентте ратификациялау процесін бастау туралы шешім қабылдадық", - деді Ердоған баспасөз мәслихатында

Сондай-ақ, Түркия мен Финляндия Сыртқы істер министрлері Мевлүт Чавушоғлу мен Пекка Хаависто арасында кездесу өтті. Онда Финляндияның одаққа мүшелігі талқыланды

1 наурызда фин депутаттары елдің НАТО-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдады (200 депутаттың 184-і қолдады). Финляндияның Yle ақпарат көзі Ниинистё келесі аптада заңға қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты.

Финляндияның өтінішін әлі ратификацияламаған Солтүстік Атлантикалық альянстың тағы бір мүшесі - Венгрия. 8 наурызда Венгрия қорғаныс министрі Кристоф Салай-Бобровницкий Венгрия үкіметі Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдайтынын айтты. Венгрия парламенті 31 наурызда Финляндия мен Швецияның мүшелігіне дауыс береді деп күтілуде, деп хабарлайды Reuters агенттігі

Өткен жылдың мамыр айында Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға өтініш берген. 2022 жылдың қаңтарында Стокгольмде елдің альянсқа мүшелігіне қарсы акция өтіп, оның барысында Данияның әсіре оңшыл саяси Hard Line партиясының жетекшісі Расмус Палудан Құранды өртеп жіберді. Осыдан кейін Ердоған Стокгольмның Анкарадан НАТО-ға өтінішті мақұлдауын "бұдан былай күте алмайтынын" айтты. Содан кейін Швеция Сыртқы істер министрлігі елдің альянсқа кіруін тоқтатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Финляндия мен Швецияның қосылуы Ресейге ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу